21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-1/167

240 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін
2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабы 5-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 41) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығымен бекітілген Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетінде тиiстi қаржы жылына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) мақта иесi – меншiк құқығында шиттi мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға; 2) мақта талшығы сапасына сараптама жасау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындаған сараптамалық ұйым; 3) мақта талшығының сапасына сараптама жасау – сынаманы iрiктеп алумен сынақтан өткiзудi, мақта талшығының сапасы туралы куәлiктi ресiмдеудi қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi; 4) шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алушылар – шитті мақта мен мақта талшығының иелері. 5) шитті мақта сапасына сараптама жасау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағылау сапасындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру құқығына аккредиттелген шитті мақта сапасының сараптамасы бойынша сынақ зертханасы (орталық); 6) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау – сынаманы iрiктеп алу мен сынақтан өткiзудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлікті ресiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi; 3. Субсидиялар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мақта өңдейтін ұйымға қабылдау кезінде шитті мақта сапасының сараптамасы құнын толықтай өтеуге және мақта талшығы сараптамасы құнын толықтай өтеуге бөлінеді. 4. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің (бұдан әрі – облыс әкімдігі) қаулысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетінде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүргізіледі. 5. Шитті мақта сапасы сараптамасының құны өтелетін шитті мақта сапасына сараптама жасау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер бөлінісінде субсидия сомасын анықтау үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан әкімдігі) шешімімен құрамына аудан әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері, сол сияқты Өңірлік кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін комиссия құрылады. Қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің саны Комиссияның жалпы құрамының жартысынан кем болмауы тиіс. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 6. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде шитті мақтаның бір сынамасының және мақта талшығының бір сынамасының сапасы сараптамасының құны бекітіледі. 7. Өтінім берілген субсидия көлемі тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомадан асып кеткен кезде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу арқылы жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. 2. Субсидияларды алушылар 8. Субсидиялар: 1) мақта өңдейтін ұйымдарға тапсырған кезде шитті мақта сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің; 2) мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шығындары құнын толықтай өтеуге арналады. 3. Субсидияларды алу шарттары 9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді: 1) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) және 18)-тармақшаларына сәйкес бекітілген Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру қағидалары; 2) әрбір айдың жиырмасына дейінгі мерзімде Бөлімге шитті мақта сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің және мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің: осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін; осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның сапасы туралы берілген куәліктер немесе мақта талшығы сапасының паспорттары бойынша жиынтық актіні қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруі. 4. Субсидияларды есептеу тәртібі 10. Шитті мақта мен мақта талшығының сапасы сараптамасының құнын толықтай өтеуге арналған субсидиялар шитті мақта сынамаларының (мақта талшығы бумасының) санын шитті мақта (мақта талшығы) сапасы сараптамасының бір сынамасы құнына көбейту жолымен есептеледі. 5. Субсидиялар төлеудің тәртібі 11. Бөлім жыл сайын жиырмасыншы мамырға дейін аудан (қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында, субсидиялар алуға құжаттарды қабылдау мерзімін көрсетіп субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді. 12. Комиссия өтінімдерді қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны алушылардың тізбесін (бұдан әрі – Аудан (қала) бойынша тізбе) қалыптастырады және оны аудан (қала) әкімдігіне бекітуге жіберді. 13. Аудан (қала) әкімдігі Аудан (қала) бойынша тізбені Бөлімнен алғаннан кейін, оны екі жұмыс күні ішінде бекітеді. 14. Бөлім Аудан (қала) бойынша тізбе бекітілгеннен кейін, оны үш жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына береді. 15. Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы Аудан (қала) бойынша тізбе келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мынадай сабақтас іс қимылдарды жүзеге асырады: 1) субсидиялар төлеу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық актісін жасайды және бекітеді; 2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості қалыптастырады және бекітеді. 16. Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті жиынтық актіні бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне қағаз түрінде берген кезде екі данада төлем шоттары тізілімін және төлем шотын ұсынады, ал төлем шотын «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі бойынша өткізген кезде төлем шоттары тізілімі ұсынылмайды. 17. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда мақта талшығының иесі өз қаражаты есебінен басқа сараптамалық ұйымда мақта талшығына қайта сараптама жасатуды іске асырады. 6. Субсидиялау жөніндегі есептілік 18. Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы уәкілетті органға берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпаратты бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша он бесінші шілдеден кешіктірмей, ал жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірмей береді. Берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында осы Қағдиларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей орналастырылады. Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан ___________кезеңіндегі шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар алуға арналған өтінім __________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін (құрылтай құжаты) ______________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы) атынан басшысы________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) ________мақта ________ сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар төлеуді сұрайды. Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын. Басшы__________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Бас бухгалтер____________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) Мөр орны «___» __________20 ___жыл Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша Нысан ___________кезеңіндегі шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамалары бойынша көрсетілген қызметтердің № ____жиынтық тізілімі шитті мақта үшін: рет № Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы Мақта өңдеу ұйымы/ мақта қабылдау пункті Нақты көрсетілген қызмет-тер, сынамалар саны Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге Тиесілі сома, теңге Барлығы: мақта талшығы үшін: рет № Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы Мақтаны өңдеу ұйымы/мақта қабылдау пункті Нақты көрсетілген қызметтер, сынамаларының (буманың) саны Буманың (сынаманың) нөмірі Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге Тиесілі сома, теңге Барлығы: Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын. Басшы_____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Бас бухгалтер____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Мөр орны «___» __________20 ___жыл ____________________________мақта өңдеу ұйымының (мақта өңдеу ұйымының атауы) басшысы _______________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Мөр орны «___» __________20 ___ жыл Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша Нысан ________кезеңіндегі берілген шитті мақтаның сапасы туралы куәліктер немесе мақта талшығы сапасының паспорттары бойынша № _____ жиынтық акт шитті мақта үшін: рет № Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы Шитті мақта сапасының куәліктері № ________-ден _________ дейін және күні _______ ден _________ дейін Куәліктердің жалпы саны Барлығы: мақта талшығы үшін: рет № Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы Шитті мақта сапасының паспорттары № ______-ден _________ дейін және күні _______ ден _________ дейін Паспорттардың жалпы саны Барлығы: Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын. Басшы_________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Бас бухгалтер___________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Зертхана меңгерушісі ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Мөр орны «___» __________20 ___жыл Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша Нысан «Бекітемін» Оңтүстік Қазақстан облысы _______________________ауданының (қаласының) әкімі________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы, мөр) 20___ жылғы «___» _____________ _____________кезеңіндегі_____________ ауданы (қаласы) бойынша субсидиялар алушылардың тізбесі шитті мақта үшін: рет № Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар саны Көрсетілетін қызметтер бірлігіне баға, теңге Тиесілі сома, теңге Барлығы: мақта талшығы үшін: рет № Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар (бума) саны Көрсетілетін қызметтер бірлігіне баға, теңге Тиесілі сома, теңге Барлығы: Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы ______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)) Ведомствоаралық комиссияның мүшелері_______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)) _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)) ______________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)) ______________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)) Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 5-қосымша Нысан «Бекітемін» Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы, мөр) 20___ жылғы «___» _____________ _____________кезеңіндегі шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі шитті мақта үшін: рет № Ауданның (қаланың) атауы Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар саны Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге Тиесілі сома, теңге Барлығы: мақта талшығы үшін: рет № Ауданның (қаланың) атауы Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар (бума) саны Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге Тиесілі сома, теңге Барлығы: Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын. Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы __________________________________________________ (әкесінің аты, аты, тегі (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 6-қосымша Нысан «Бекітемін» Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы, мөр) 20___ жылғы «___» _____________ _______________ кезеңіндегі шитті мақта мен мақта талшығы сапасы сараптамасының құнын мақтаның иелеріне толықтай өтеуге субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость шитті мақта үшін: рет № Ауданның (каланың) атауы Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы Нақты көрсетілген қызметтер, сынама саны Көрсетілетін қыз-меттер бірлігіне баға, теңге Жыл басы-нан бастап тиесілі суб-сидиялар сомасы, теңге Жыл басынан бастап төленгені, теңге Тиесілі субсидиялар сомасының қалдығы, теңге 20__ жылғы «__» ___ төленуге тиіс, теңге жыл басынан бастап 20-жылғы «__» ___ бастап «__» ___ дейін Барлығы: мақта талшығы үшін: рет № Ауданның (каланың) атауы Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы Нақты көрсетілген қызметтер, сынама саны Көрсетілетін қыз-меттер бірлігіне баға, теңге Жыл басынан бастап тиесілі субсидиялар сомасы, теңге Жыл басынан бастап төленгені, теңге Тиесілі субсидия-ларсомасының қалдығы, теңге 20__ жылғы «__» ___ төленуге тиіс, теңге жыл басынан бастап 20-жылғы «__» ___ бастап «__» ___ дейін Барлығы: Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын. Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы ________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларына 7-қосымша Нысан «Бекітемін» Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ___________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы, мөр) 20___ жылғы «___» _____________ Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат шитті мақта үшін: рет № Ауданның (қаланың) атауы Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар саны Көрсетілетін қыз-меттер бірлігінің бағасы, теңге Төленген субсидиялар, теңге Барлығы: мақта талшығы үшін: рет № Ауданның (қаланың) атауы Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы Нақты көрсетілген қызметтер, сына-малар (бума) саны Көрсетілетін қызметтер бірлігі-нің бағасы, теңге Төленген субсидиялар, теңге Барлығы: Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы __________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11176 болып енгізілді.